National Geographic Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің фотосуреттерін жариялады

0
1 892

Фотограф Түркістан өңірімен қатар Жамбыл және Маңғыстау өңірлерінде түсірген суреттерімен де бөліскен.


National Geographic Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің фотосуреттерін жариялады

"National Geographic" журналы парақшасында Қ. А. Ясауи кесенесі жайлы ақпарат жарияланып, әлем назарын кезекті рет өзіне бұрды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарияланған сурет ертеректе елімізге келген, әлемге әйгілі "National Geographic" және “NY Times Magazine” журналдарының фотографы - Джордж Штейнмец туындысы. Елордадан саяхат бастаған американдық фотограф 1 миллионнан астам адам тіркелген жеке парақшасында Түркістан өңірімен қатар Жамбыл және Маңғыстау өңірлерінде түсірген суреттерімен бөліскен. Кейінірек, National Geographic журналы тарапынан осы суреті іріктеліп, 142 миллионнан астам адам тіркелген парақшада жарияланған.

Жергілікті тұрғындардың күнделікті өміріне басты және жағымды әсер етер туризм саласы үшін бұл өз септігін тигізетіні сөзсіз. Рухани шаһардың ең басты символы көк күмбезді кесене бейнеленген жазба астында тәуліктің ішінде 300 мыңнан астам лайк белгісі жиналған. Кесененің тарихы, орналасқан жері жайлы сұрақтар қойып, әлемдегі жағдай тұрақталған бойда келуге қызығушылық танытып жазылған пікірлер де мыңнан асып түскен.