Облыстық өнер фестивалі Бәйдібектен бастау алды

0
2 373

"Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" облыстық өнер фестиваліне қатысқан 200-ге жуық өнерпаз да осы қасиетке лайық төл өнерлерін паш етсе, олардың ішінде аудандық саз мектебінің ұлт-аспаптар оркестрі мен О.Тайманов «Өнер» мектебі, «Ұлар» бишілер тобы, «Балауса» цирк ұжымы, хор және жеке орындаушылары да бар.


Облыстық өнер фестивалі Бәйдібектен бастау алды

Өнер додасы талаптарының биылғы ерекшелігіне сәйкес «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ауыл округтеріне қарасты киелі жерлерді насихаттау бойынша жиынға қатысушылар "Домалақ ана", "Аппақ ишан" кесенелеріне барып, қасиетті тұлғалар рухына құран бағыштады.

Шара барысында мәдениет үйлерінің жұмыс барысымен қатар қолөнер және қылқалам шеберлерінің де көрмесі де назардан тыс қалмады. Фестивальді Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев және қазылар алқасының төрайымы Лейла Жұмабекқызы құттықтау сөзбен ашып берді.

Қарт Қаратаудың күнгейін жайлаған Бәйдібек ауданы, өз заманында батыспен шығысқа мәлім болған Ұлы Жібек жолының күре тамырына орналасқан шежіргелі Шаян небір ұлы тарихи оқиғаларға куә. "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" облыстық өнер фестиваліне қатысқан 200-ге жуық өнерпаз да осы қасиетке лайық төл өнерлерін паш етсе, олардың ішінде аудандық саз мектебінің ұлт-аспаптар оркестрі мен О.Тайманов «Өнер» мектебі, «Ұлар» бишілер тобы, «Балауса» цирк ұжымы, хор және жеке орындаушылары да бар.


Концерттік бағдарламада көркемсөз, ән, би, хор, вокальды аспапты ансамблі жанрлары және жанұялық ансамблі мен жергілікті сазгерлердің әндері орындалды.