Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жуырда жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан облыс орталығы Түркістан қаласында шахматтан облыстық чемпионаты болып өтті.
фото: facebook.com
Түркістан қаласында шахматтан өткен облыстық чемпионатта арыстық шахматшылар топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шахмат – ақыл-ой спорты. Шахматпен шұғылданатын балалардың ақыл-ойы жаттығып, зияткерлік қабілеті артады. Қазіргі таңда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі Бақыт Құдайбергеннің тәлімгерлік ететін шахмат сыныбына мектеп оқушылары көптеп қатысады.
Оқушылар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жуырда жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан облыс орталығы Түркістан қаласында өткен шахматтан облыстық чемпионатына қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Шахматтың классикалық түрінен Шынбөрі Аяулым, Каналбай Әділет, Атажан Айдана жүлделі ІІІ-орын алса, турнирге жеңімпаздар әзірлегені үшін шахмат сыныбының жаттықтырушысы Бақыт Құдайбергенге облыстық спорт басқармасы басшысының Алғыс хаты табыс етілді.
Шахмат ойыны әрбір қатысушыдан сабырлылық пен ақылдылықты, шеберлікті талап етеді. Арыстық чемпиондардың бойынан бұл қасиеттер табыла білді. Жеңімпаздар алдағы уақытта облыс көлемінде ғана емес, республикалық, әлемдікдеңгейде шеберліктерін көрсететінін айтты.