"Омыртқасы сынған": Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлап кетті

0
838

Оқыс оқиға Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Омар Есімов атындағы мектепте болды.


ERNUR.KZ. Түркістан облысында 8-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті, деп жазады Stan.kz.



Оқыс оқиға Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Омар Есімов атындағы мектепте болды.

Физика пәні кезінде мұғалім сыныпта болмаған. Осы кезде 8-сыныптың қыздары арасында жанжал туындапты. Көп ұзамай жоғары қабаттағы терезеден оқушылардың бірі құлап кеткен. Ауыр жарақат алған Аружанның жақындары оқушының өзі секіргенін, не абайсызда құлап кеткенін білмейді. Тексеріс басталды. Ал ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз Келес ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

“Басынан жарақат алған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған. Емдеу протокол бойынша өткізілді. Жағдайы жақсарған соң бірінші травматология бөліміне ауыстырылды”, – деді Келес ауданы Абай ауруханасының дәрігері Әбдісамат Утамұратов.