Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау туралы меморандумға қол қойылды

0
1 230

Жобаның мақсаты – бизнесті қорғау.


Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау туралы меморандумға қол қойылды

Өңірімізде ауқымды инвестициялық жобалар жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқоролыққа қарсы Агенттігі мен оның аумақтық департаменттері тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның мақсаты – бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету.

Осыған орай 9 қаңтар күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы Меморандумға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев және «International company of Cotton» серіктестігінің директоры Абдулла Нуржанулы салтанатты түрде қол қойды.

Сондай-ақ, департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев өз сөзінде облыстағы жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларды Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.

Айта кетейік, бұл серіктестік елімізге жалпы құны 5,5 млрд. теңгені құрайтын инвестиция құйып отыр. Аталмыш компания мақта өңдеумен айналысады.Осылайша, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 247 млрд. теңгеден асатын 6 инвестормен жемқорлықсыз сүйемелдеу бойынша келісім жасалды.