Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Еркінбек Тұрысов пен қоғам қайраткері, жазушы Мархабат Байғұт О.Таймановтың өлеңдері, жыр-дастандары, айтыстары жинақталып, жарық көрген кітабының лентасын салтанатты түрде қиды.
ERNUR.KZ. Бәйдібек ауданы Боралдай ауылында «Боралдайдың бозторғайы» ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығы аталып өтті. Шара Орынбай Таймановтың кесенесінде құрбандық шалынып, құран оқумен басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі
Одан кейін Боралдай ауылындағы «Қаратау» мәдениет үйінде аудан әкімі Бахытбек Танагөзов ақынның кесенесін қалпына келтіруге және 150 жылдығын атап өтуге үлес қосқан бірқатар азаматтарды арнайы медалімен және алғыс хаттармен марапаттады. Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Еркінбек Тұрысов пен қоғам қайраткері, жазушы Мархабат Байғұт О.Таймановтың өлеңдері, жыр-дастандары, айтыстары жинақталып, жарық көрген кітабының лентасын салтанатты түрде қиды.
Шара республикалық ақындар айтысына жалғасып, еліміздің Астана, Жамбыл Қызылорда, Семей Шымкент қалалары мен Бәйдібек ауданынан барлығы 10 ақын қатысты.Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде автокөлікті Бәйдібектік Біржан Байтуов, бірінші орынды Алматылық Ринат Зайытов, екінші орынды Бәйдібектік Қажымұқан Абзалов, үшінші орынды Семейлік Рүстем Қайыртай иеленді.
Сонымен қатар айтыскер ақындарымызға аудан әкімдігі дайындаған аудан әкімінің, Гүлсім Әділбекованың, Абай Айнабековтің, Аманбай Қанашайдың, Манатқызының, Айнабек Нысановтың арнайы жүлделері мен О.Таймановқа 150 жыл медалі табыс етілді.
Айта кетерлік жайт 1991 жылы іргетасы қаланып, ақынның кесенесінің соғылуына тікелей басшылық еткен, еліміздің қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының, Жамбыл облысының Шу ауданының «Құрметті азаматы» Оразкүл Асанғазиева ақын О.Таймановтың 150 жылдығына байланысты өткен республикалық ақындар айтысының қазылар алқасына төрағалық етті.