ОҚО: Ордабасы ауданында жайылымнан мал ұрлаушыларға тосқауыл болмай отыр

0
2 210

Бүгінгі таңдағы медиаторлардың жұмыс барысы, міндеттері, құқықтары туралы сот төрағасы Құнанбай Мұсаев әңгімеледі. Сөзіне сүйенсек, аудан сотының жүктемесі үлкен. Үш айда қаралған 1500 істің 61-і ғана медиаторлардың көмегімен шешілген.


ОҚО: Ордабасы ауданында жайылымнан мал ұрлаушыларға тосқауыл болмай отыр

Ордабасы ауданында үш айда 150 қылмыс тіркелсе, қылмыстың көпшілігі — мал ұрлығы. Әсіресе жайылымнан төрт түлікті ұрланғандарға тосқауыл болмай отыр. Бұл туралы аудандық Ішкі істер бөлімінің басшысы Құрманбек Сахов аудан әкімдігінің, сот төрағасының бастамасымен өткен "Дауды бейбіт шешудің кілті" жиынында мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ордабасы аудандық Ішкі істер бөлімінің басшысыҚұрманбек Саховтың айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғыдан азайған.

Бүгінгі таңдағы медиаторлардың жұмыс барысы, міндеттері, құқықтары туралы сот төрағасы Құнанбай Мұсаев әңгімеледі. Сөзіне сүйенсек, аудан сотының жүктемесі үлкен. Үш айда қаралған 1500 істің 61-і ғана медиаторлардың көмегімен шешілген.

Сондай-ақ, Шұбар мен Жеңісте соңғы екі жылда мүлдем қылмыс тіркелмегенін де атап өтті. Шұбар ауыл округіне қарасты Жусансай ауылы сегіз жылдан бері арақ сатпай, бүкіл республикаға үлгі болғаны да әңгіме арқауына айналды. Себебі, құқық бұзушылықтың дені мас күйде жасалатыны белгілі.

Ал аудан прокурорының орынбасары Бақытжан Әбдешев шетел тәжірибесіндегі медиаторлардың маңыздылығы туралы баяндады.
Жиналғандар өз пікірлерін еркін жеткізіп, сұрақтарына жауап алып, ұсыныстарын ортаға салды.