Ө.ШӨКЕЕВ: "Аймақта жағдай өте күрделі"

0
920

Түркістан облысында коронавирус ауруы өршіп кетті.


Ө.ШӨКЕЕВ:

Өмірзақ Шөкеев облыс аумағында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан аумағында коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстарының барысы баяндалды.

Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде коронавирустық инфекцияның расталған 832 жағдайы тіркеліп, аурудың өршуі орын алып отыр. Індет облыстың барлық аумағында тіркелген. Сауығып шыққан науқастар саны 335.

Атап айтсақ, облыс бойынша қауіпті індетке қарсы емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда 365 төсек орын, провизорлық стационарларда 1305 төсек орын, карантиндік орталықтарда 1185 төсек орын ұйымдастырылған. Жалпы, өңірде тәуліктік қуаттылығы 650 тестке дейінгі 4 зертхана жұмыс істеуде.

Облыс басшысының айтуынша, аймақта жағдай өте күрделі. Барлық аудандарда індетпен күрес мақсатында тиісті шараларды қолдануымыз қажет.

"Науқастар ауруханаларда орын және дәрі-дәрмек тапшылығынан қиналмаулары тиіс. Ең бастысы, қазіргідей қиын сәтте облыстың барлық аудан, қалаларында және әрбір елді мекендерде карантиндік шектеу режимін күшейтіп, талапты қатаң түрде сақтауды тапсырамын. Атап айтқанда, тұрғындардың көшеге тек бетпердемен шығуын және халық көп шоғырланатын орындарда міндетті әлеуметтік арақашықтықты қатаң түрде сақтауды, облыста құрылған мобильді топтардың жұмысын жандандырып, жүйелі түрде жүргізілсін. Шектеу шараларын бұзып, заң бұзушылықтарға жол берген жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру шараларын, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданғаны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік мессенджерінде кеңінен насихаттауды тапсырамын»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.