70-ке жуық мал ұрлап, 30 000 000 теңге шамасында зиян келтірген ұры қазір қамауға алынған.
иллюстарциялық фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысының полицейлері 70-ке жуық жылқыларды ұрлаған күдіктілерді тұтқындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық криминалды полициясы қызметкерлері Бәйдібек ауданының жылқыларын еркін жайылымнан барымталаған күдіктілерді қамауға алды.
Бәйдібек АПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын өткен жылдың наурызында оның 30 бас жылқысын белгісіз біреулер ұрлағаны жөнінде арызданған.
Бұл оқиға ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмысы ретінде СДТБТ-ға тіркелген. Полиция бөліміне бірнеше жәбірленушілерден түрлі балама арыздар келіп түскен.
Содан кейін, ірі малды ұрлауды ашу мақсатында облыстық полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, қылмыскерлерді іздеу үшін полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
Жедел-іздестіру шараларының сәтті жүргізілуінің нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері Түркістан қаласының тұрғынын күдікті ретінде құрықтап, Бәйдібек ауданының аумағында болған ірі мал ұрлығының 4 фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізген.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық» қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және күдікті қамауға алынды. Ал ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды.
дереккөз: Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі