Премьер-Министрдің кеңесшісі Түркістан облысына келді

0
116

«Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысын көріп шықты.


Премьер-Министрдің кеңесшісі Түркістан облысына келді

Ермек Маржықпаев Түркістан облысына іссапармен келіп, өңірдің 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Түркістан облысына іссапармен келіп, өңірдің 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығымен танысты. Сапар барысында кеңесші бірқатар нысандарын аралап, «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысын көріп шықты.


Кәсіпорын 2009 жылдан бері қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі таңда 18 қазандық бөлімшеде 77 дана қазанмен және жалпы ұзындығы 56,243 шақырымды құрайтын жылу жүйесімен жұмыс жүргізілуде. Барлығы 223 көпқабатты тұрғын үй, 18 бюджеттік мекеме, 55 кәсіпкерлік нысан және 36 жеке үй орталық жылумен қамтылған.


Сонымен қатар, «TURAN» арнайы экономикалық аймағына барып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын көрді. Мұнда инвесторларға ұсынылып отырған жеңілдіктер мен жаңа жобалар кеңінен таныстырылды.


Жұмыс сапары Кентау қаласына жалғасты. Алдымен трансформатор зауытында болып, өндірістік процеспен танысты. Кейін Жылу энерго орталығында болды. Онда биылғы жөндеу жұмыстарының барысын көріп, тұрғындарды үздіксіз жылумен қамту – басты басымдық екенін атап өтті. Ермек Маржықпаев атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, өңірдің одан әрі даму барысына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.

Бөлісу