Президент кеңесшісі түркістандық дін өкілдерімен кездесті

0
717

Жаңа Қазақстанның руханият саласындағы өзекті мәселелері талқыланды.


Президент кеңесшісі түркістандық дін өкілдерімен кездесті

Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысындағы діни қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысындағы діни қызметкерлерімен кездесті. Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен басқосуда ҚР Президентінің саяси реформалары мен Жаңа Қазақстанның руханият саласындағы өзекті мәселелері талқыланды.


Жиын барысында Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы қоғамдағы діни қызметкерлердің рөлі мен олардың интелектуалдық біліктілігін арттыру мәселесі басты назарда екенін атап өтті. Кездесуге қатысушылар еркін пікір алмасып, руханият саласындағы ізденістерді жалғастыру жөнінде ойларын айтты.


Мәлік Нұржанұлы Түркістанның қазақ тарихындағы орны мен маңызына тоқталды. Өңірдің дамуы жеделдеп, руханият салада да ізгі істер жалғасатынына сенім білдірді.