РЕСПУБЛИКА КҮНІ: Қазығұрт ауданында жаңа балабақша ашылды

0
85

Жаңа бөбекжай заманауи талаптарға сай жабдықталып, бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы мен сапалы тәрбие алуына қажетті барлық жағдай жасалған.


РЕСПУБЛИКА КҮНІ: Қазығұрт ауданында жаңа балабақша ашылды

Қазығұрт ауданында 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округіне қарасты Қызылсеңгір елді мекенінде 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында жаңа «Бал-Сафия» бөбекжай балабақшасы салтанатты түрде ашылды.


Аталған игі шараға аудан әкімінің орынбасары Мұхамедғали Әшірбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


Айта кетейік, жаңа балабақшаның бой көтеруі – ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш әрі маңызды әлеуметтік оқиға. Бұл нысан жеке кәсіпкер Айгүл Құрбанованың өз қаражаты есебінен салынған. Жаңа бөбекжай заманауи талаптарға сай жабдықталып, бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы мен сапалы тәрбие алуына қажетті барлық жағдай жасалған.


Жиын соңында ауыл ақсақалдары мен ата-аналар аудан басшылығына және нысан құрылысын жүзеге асырған кәсіпкерге алғыстарын білдіріп, балабақша ұжымына сәттілік тіледі.

Бөлісу