Республика күні: Түркістан облысында үш ауылдың ауыз су жүйесі іске қосылды

0
115

Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарында көптен күткен таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.


Республика күні: Түркістан облысында үш ауылдың ауыз су жүйесі іске қосылды

Республика күніне орай Түркістан облысында үш ауылдың ауыз су жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


25 қазан – Республика күні қарсаңында Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарында көптен күткен таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.


Сәуір айында басталған жобаның жалпы құны 222,962 миллион теңгені құрайды. Жобаны «Карат-Z» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған.


Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай және ауыл тұрғындары қатысты.


Жиын барысында аудан басшысы сөз сөйлеп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.


Ауыл ақсақалдары елді мекенге таза ауыз су тарту ісіне ұйытқы болған аудан басшылығына және құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.


Айта кетейік, бұл ауыз су құрылысы – мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған аудандағы екі әлеуметтік жобаның бірі.

Бөлісу