"Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне 3 жыл толды.
Мақтааралда "Рухани жаңғыру" аясында кездесу өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының орындалуы жоғары деңгейде жүзеге асуда. Осыған орай бүгін Мақтаарал ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасының бұрындық болуымен "Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері" кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты - "Рухани жаңғыру" бағдарламасын ел арасында кеңінен насихаттап, оның маңыздылығын тұтастай түсіндіру және бағдарлама аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстармен тұрғындарды таныстыру.
Алқалы жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Сейдулла Исмаилов, Шымкент қаласындағы Н.Назарбаев мектебінің "Рухани жаңғыру" бөлімінің басшысы Мәди Бейсенов, ауданның "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ның директоры Сүндет Кенжебаев және ауданның ардагерлері, ауданның әкелер мектебінің төрағалары, ерікті жастар қатысты.
Жалпы биыл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне 3 жыл толды. Мақала жарық көрген күннен бастап облыстық, аудандық деңгейде маңызды шаралардың жоспары әзірленіп, олардың жүзеге асуы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған дәлел - Түркістан облысының мақаладағы мақсаттардың орындалуы бойынша Ресспубликада алдыңғы орынға шығуы.
Айта кетейік, бағдарламаның жоспарына сәйкес "Түркістан төрінде" жобасы, "Jas Turkistan - 2019" марафоны, "Ұлы Даланың Түркістаны" фото экспедициясы, "Тарихы терең Түркістан" ақпараттық турлары, "Алтын ұям" жобалары республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бағдаралама аясында тарихи кинолар, анимациялық фильмдер, өңірдегі ақын-жазушылардың 10 томдығы және тарихи бағыттағы бірнеше туындылар қалың көпшілікке жол тартты.