Сауран ауданында кондитерлік цех тәулігіне 1 тонна өнім дайындайды

0
192

Кондитерлік цехта түрік пахлавасы, кептірілген нан, круассан, бисквит және түрлі тоқаш өнімдері дайындалады.


Сауран ауданында кондитерлік цех тәулігіне 1 тонна өнім дайындайды

ERNUR.KZ. Сауран ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа өндіріс орны ашылды. Кәсіпкер Обиджон Омаровтың бастамасымен іске қосылған «Амина» кондитерлік цехы бүгінде түрлі тәтті өнімдер өндіруді қолға алған.

Кондитерлік цехта түрік пахлавасы, кептірілген нан, круассан, бисквит және түрлі тоқаш өнімдері дайындалады. Кәсіпорын тәулігіне 600 қорапқа дейін, шамамен 1 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Амина» кондитерлік цехының өнімдері Алматы, Шымкент, Жетісай, Түркістан, Астана және Жезқазған қалаларына жөнелтіледі. Бұл өндіріс орнының өнімдері өңірлік нарықпен қатар, еліміздің өзге қалаларында да сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Кәсіпорынның басты ерекшелігі - франшиза арқылы Өзбекстаннан алынған арнайы технологияны пайдалануында. Соның нәтижесінде дайындалатын бисквит өнімдері тоңазытқышта сақтауды қажет етпей, 30 күнге дейін сапасы мен дәмін жоғалтпайды. Мұндай өнім түрі кәсіпорында ерекше технология бойынша әзірленеді.