​Шымкентте оқушы қызды дүкенде зорламақ болған жігіт сотталды

0
3 822

Анасы азық-түлікке жіберген бүлдіршінді дүкендегі сатушы жігіт зорламақ болған. Қажетті тауарларды дүкен сөрелерінен іздеп еңкейген 9 жасар қыз баланың артынан келіп, 19 жастағы жігіт арам пиғылын жүзеге асырмақшы болған.


​Шымкентте оқушы қызды дүкенде зорламақ болған жігіт сотталды

Шымкентте 9 жасар қыз баланы зорламақ болған 19 жастағы жігіт сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Анасы азық-түлікке жіберген бүлдіршінді дүкендегі сатушы жігіт зорламақ болған. Қажетті тауарларды дүкен сөрелерінен іздеп еңкейген 9 жасар қыз баланың артынан келіп, 19 жастағы жігіт арам пиғылын жүзеге асырмақшы болған. Жыныстық сипаттағы әрекеттерін іске асырғысы кеп бүлдіршінге тиіскен. Шошып қалған қыз үйіне жылап келеді. Анасы жалма-жан дүкенге келіп, айғай шығарғанда жігіт бірден кінәсін мойындаған. Бірақ қылмыстық іс сотта қаралу кезінде сотталушы өз кінәсін мойындаудан бас тартқан.

Дүкендегі бейнекамера жазбасы іске дәлел ретінде тіркелген. Жыныстық сипаттағы зорлық көрген жәбірленуші 9 жасар бүлдіршінге кешенді сот психолого-психиатриялық сараптамасы тағайындалып, нәтижесінде балақайдың жағдайды толық, анық түсіндіре алатындығын дәлелденген.

ОҚО мамандандырылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соты 19 жастағы педофилді 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.