Шымкентте ерекше технологиямен жол жөндеу жұмыстары басталды

0
1 662

Биыл Шымқалада 200 шақырым топырақ жолға шағал тас төселеді. Қала әкімі тұрғындарға берген уәдесін орындау мақсатында бюджетен 500 млн тенге бөлдіріпті.


Шымкентте ерекше технологиямен жол жөндеу жұмыстары басталды
Қазір Шымкенттің Сайрам көшесінде дәл осындай жөндеу жүріп жатыр. Ауыр жүк көліктерінің жиі жүруі салдарынан асфальт жабынғысы жыл сайын бұзылады. Енді жаңа жөндеуден кейін кемінде 10 жылға кепілідік беріп отыр қала басшылығы. Бұл туралы ERNUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жаңа технологиямен ұзындығы екі шақырымнан астам жол жөнделеді. Биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
Сайрам көшесін күрделі жөндеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде Желтоқсан және Ш. Уалиханов көшерелінің аралығында асфалт жабынғысы қырылып, Ресайклер техналогиясымен асфалт төселеді. Сала мамандарының айтуынша, бұл жаңа техналогия барлық елде кеңінен қолданылады. Оның ерекшелегі жол ауыр жүк көліктеріне төтеп береді. Оңтүстікте алғаш рет Сарығаша ауданында пайдаланылған.

Шымкенттегі Сайрам көшесінің автомобиль жолын жаңа техналогиямен орташа жөндеуден өткізу үшін мемлекет қазынасынан 218 млн тенге қаражат қаралыпты.

Бұдан басқа биыл Шымкент қаласында және 54 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр .

Биыл Шымқалада 200 шақырым топырақ жолға шағал тас төселеді. Қала әкімі тұрғындарға берген уәдесін орындау мақсатында бюджетен 500 млн тенге бөлдіріпті. Бүгінге дейін 27 көше яғни 30 шақырым жолға тас төселіп үлгерілген.