Елімізідң мерейлі мерекесы – Тәуелсіздік күніне орай жеке оңалту бағдарламасына сай қоларбаға мұқтаж 24 азаматқа Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков табыстады.
фото: 58.rodina.news
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерекесіне орай, Түркістан облысы Созақ ауданындағы 24 мүмкіндігі шектеулі жанға Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков қоларба табыс етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдік аппаратының ұйымдастыруымен Астана қаласында орналасқан «УАҚЫП» Қазақстандық корпоративтік қайырымдылық қорының демеушілігімен Созақ ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға 65 дана қоларба алынды.
Елімізідң мерейлі мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай жеке оңалту бағдарламасына сай қоларбаға мұқтаж 24 азаматқа Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков табыстады. Ал, «Дос», «Тәуелсіз өмір» деп аталатын біріккен мүгедектер қоғамы орталығының мамандары Раушанбеков Дастан Бауыржанұлы мен Абуов Құрбанәлі Сағынбайұлы мүгедектік қоларбаларды құрастырып берді.
Қалған 41 қоларба 2019 жылы жеке оңалту бағдарламасы бар азаматтарға берілетін болады. Астана қаласында орналасқан «УАҚЫП» Қазақстандық корпоративтік қайырымдылық қорының демеушілігімен алынған бұл қоларбалар Америка Құрама штатында сапалы жасалынған.