403 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоршаған ортаны бүлдірудің алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жасап атқаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдірудің алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жасап атқаруда. Мәселен полицейлер 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтап, шара көрді.
Атап айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 19 жайт, белгiленбеген орындарда сауда жасаумен 206 дерек тіркелді. Ал ортақ пайдаланатын орындарды ластау оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау бабымен 917 дерек анықталып, құқық бұзушыларға хаттама толтырылды.
Мысалы, Қазығұрт елдімекені тұрғынының бірі үйінің құрылысынан шыққан қалдықтары мен малдың малағын көше бойына жинақтағаны анықталып, жауапқа тартылды, түсіндіру шарасы жүргізілді.
Сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 590 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру бабымен 403 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.
Ескерте кетсек, Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірген полицейлер, генерал М.Қабденовтың тапсырмасымен «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Басты міндет - қоршаған ортаның тазалығын сақтау, әрбір тұрғынды табиғат жанашыры болуға шақыру.