Түркі ғалымдары Түркістан өңірінің тарихи орындарын аралады

0
112

Алдымен Арыстан баб кесенесіне зиярат етуден бастады.


Түркі ғалымдары Түркістан өңірінің тарихи орындарын аралады

Түркі елдерінің ғалымдары Түркістан өңірінің тарихи орындарын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда II Халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы өз мәресіне жетті. Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен жиынның қонақтары Түркістан қаласы мен Отырар аудандарының киелі орындарын аралады.


Алдымен Арыстан баб кесенесіне зиярат етуден бастады. Танымдық сапар әрі қарай Отырар қалашығында жалғасты.


Күннің екінші бөлігінде киелі шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Шетелдік қонақтар сәулет өнерінен бөлек, қазақ руханиятының мол мұрасымен, ұлттық салт-дәстүрімен танысты.


Айта кетейік, екі күн бойы өткен симпозиум «Түркі өркениетінің ескерткіштері: зерттеу, сақтау және реставрациялау әдістері» тақырыбына арналды. Оған Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Мажарстан және Қазақстаннан жетекші ғалымдар және халықаралық ұйымдардан сарапшылар қатысты.

Бөлісу