ТҮРКІСТАН: 12 елдімекеннің ауызсу құбырлары қайта жаңартылады

0
535

30 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: 12 елдімекеннің ауызсу құбырлары қайта жаңартылады

Түркістан облысында 20 елді мекен ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


«Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлініп, биыл 30 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 12 елдімекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады», - деді Өмірзақ Естайұлы.


Нәтижесінде жыл қорытындысымен облыстағы 841 елді мекеннің 717-сі (7 қала, 710 ауылдық елді мекен) ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 1,5 миллион тұрғынды құрайды немесе 93,3%-ға жетеді.