ТҮРКІСТАН: 120 мыңға жуық тұрғын ревакцинация алды

0
610

Тәуліктік өсім 0,50%-ды құрады.


ТҮРКІСТАН: 120 мыңға жуық тұрғын ревакцинация алды

Түркістан облысында 142 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 90 жағдайы тіркеліп, тәуліктік өсім 0,50%-ды құрады. Өңірде вакцнация салдыру бекеттерінің саны —150 болса, мобильді бригадалар саны 341-ге жетті. Қазір вакцинаның бірінші компонентімен түркістандықтар толық қамтылып, екінші құрамды 1 039 738 адам қабылдады. Ал, ревакцинацияны 119 600 тұрғын алды. Пандемия басталғалы өңір бойынша ауырғандар саны 17 989-ға жетсе, оның 9280-інде ауру симптомсыз өткен.


Жалпы, өңірде 900 инфекциялық төсек орын ұйымдастырылған. Айта кетейік, пандемия басталғалы 16064 науқас індеттен толық айыққан. Жалпы 1 210 585 ПТР сынамасы алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 1742 адам тексеруден өткен.