Соңғы тәулікте 6680 адам екпе қабылдаған.
Түркістан облысында 137 834 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы 137 834 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 6680 адам екпе қабылдаған. Оның 21 414 медициналық қызметкер болса, 38 508 педагогтар мен 6139 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Бұдан бөлек өзге топтағы – 47 238. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 28 315 адам вакцина салдырды. Екінші рет медицина мамандары – 14 267. Мұғалімдер – 9252 болса, құқық қорғау органдары – 436. Өзгелер – 3167.
Айта кетейік, Түркістан облысының 934 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Енді өңір тұрғындары Спутник-V, QazVac мен Hayat-Vax вакциналарын қабылдай алады. Жаңадан жеткізілген Hayat-Vax вакцинасы - қытайлық технологиямен өндірілген араб вакцинасы.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 34 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,61 % құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 679 899 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3766 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 598-і бос.
Аймақта бүгінде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4901 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 5523 жағдай тіркелді. Олардың 3569-да ауру симптомсыз өткен болатын.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе егердің алдында сіз арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тартып немесе салдыруға келісім бересіз.