ТҮРКІСТАН: 2020 жылдың басынан бері 7 тонна есірткі тәркіленген

0
853

Бүгін «Халықаралық есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес күні».


ТҮРКІСТАН: 2020 жылдың басынан бері 7 тонна есірткі тәркіленген

Түркістан облысы полицейлері жыл басынан бері 7 тонна есірткі және 6000-нан астам құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді тәркілеген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды «Халықаралық есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес күні» ретінде атап өтуді белгілеген. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және аудандық құрылымдардың қызметкерлерімен тұрақты түрде, жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Нақтырақ айтсақ, 2020 жылы 6 айға жуық уақыт ішінде тәртіп сақшыларымен есірткінің заңсыз айналымына қатысты 232 дерек анықталған, оның ішінде 121-і есірткі қылмысы болса, 111-і теріс қылықтар және 11-і есірткі әкімшілік құқық бұзушылықтар ретінде тіркелген.

Сондай-ақ, есірткі қылмыстары бойынша 56 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған және заңсыз айналымнан 7 тоннадан астам түрлі есірткі заттары мен 6000-нан астам есірткі өсімдіктері (көкнәр, сора) тәркіленген. Есірткіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 11 азамат жауапкершілікке тартылыпты.

«Осы уақыт аралығында 28 есірткі сатушылар ұсталды. Мысалы, Сарыағаш ауданында жедел уәкілдер героинді сатқаны үшін 4 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Олардың барлығы Түркістан облысының 45-58 жас шамасындағы тұрғындары. Күдіктілер бір жыл бойы есірткі, оның ішінде героин мен марихуана сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта олардың барлығы қамауда. Аталған жайт ҚР ҚК-нің екі бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде: Олар 296-бап "Аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау" және 297-бап "Есірткі заттарын сату», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.