ТҮРКІСТАН: 2020 жылдың үздік медицина қызметкерлері марапатталды

0
2 170

№1 Облыстық перинатальдық орталығы – үздік медицина мекемесі деп танылды.


ТҮРКІСТАН: 2020 жылдың үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Түркістан облысындағы үздік дәрігерлер марапатталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында «COVID-19» індетімен күрес кезінде ерекше көзге түскен медицина саласының қызметкерлері марапатталды. Аймақтың бас дәрігері Марат Пашимов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына сүбелі үлес қосқан ақ халаттыларға алғыс білдіріп, қуаныштарымен құттықтады.

Салтанатты шарада облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Вячаслав Цой – үздік дәрігер, Түркістан қалалық орталық ауруханасының мейірбикесі Эльмира Сейітова – үздік мейірбике атанды. Ал, №1 Облыстық перинатальдық орталығы – үздік медицина мекемесі деп танылды.

«Әлемді әбігерге салған коронавирус ауруы елімізге де көп қатер тудырды. Өткен жыл жалпы халыққа ауыр болғаны белгілі, әсіресе денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қиын болды. Осы қиындықты ел болып жеңе білдік. Бұл менің ғана марапатым емес, барлық әріптестеріме көрсетілген құрмет деп білемін. Осы бір еңбегімізді елеп, мейрейімізді асырып отырған Қоғамдық денсаулық басқармасына мол алғыс айтқым келеді. Енді мұндай жайсыз жағдайлар болмаса екен деп тілеймін», – деді Түркістан қалалық орталық ауруханасының мейірбекесі Э.Сейілханқызы.

Айта кетейік, өңірде денсаулық сақтау саласында жалпы 23 585 маман жұмыс істейді. Қазіргі таңда, облыста 88 науқас коронавирус ауруына байланысты ем қабылдауда.