ТҮРКІСТАН: 3 жылда 250-ден астам нысанның құрылысы жүргізілген

0
477

Нәтиже сараланып, міндеттер межеленді.


ТҮРКІСТАН: 3 жылда 250-ден астам нысанның құрылысы жүргізілген

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың бірінші кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. Осы уақыт ішінде 445 млрд. теңгеге жаңа 257 нысанның құрылысы жүргізілді, оның ішінде 230 млрд.теңгесі жеке инвестициялар есебінен. 123 нысанның құрылысы аяқталды. Жаңа Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың арнайы кешенді жоспары әзірленіп, Үкіметпен бекітілгені белгілі. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалды.


«3 жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 41%-ға артып, 2,4 трлн.теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 18%-ға, ауыл шаруашылығы 34%-ға, инвестиция 2,4 есеге артты. 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, 90%-ға өсімі орын алды. Облыстық бюджеттің көлемі 2 есе ұлғайып, 1,1 трлн. теңгені құрады. Короновирус індетіне байланысты шектеулерге қарамастан ағымдағы жылдың 8 айында облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 552,1 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 103,9% құрады. Жыл қорытындысымен 2,6 трлн.теңгеге жеткізу жоспарлануда», - деді облыс әкімі.