ПТР тест тапсырған азаматтардың саны 34 147 адамды құрап отыр.
Түркістан қаласының 6134 тұрғыны ковидке қарсы вакцинаның екінші компонентін ектірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру мақсатында жұмысын жандандырған мобильді топ өкілдері жыл басынан бері 10 418 нысанды аралады. Аралау барысында 425 хаттама карантин талаптарын бұзған 415 жеке тұлғаға, 7 кәсіпкерге, 2 заңды тұлға мен бір лауазымды тұлғаға толтырылған.
Атап өтсек, COVID-19 індетімен күресте бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асырылып жатқан ерікті түрде індетке қарсы вакцинациялау шаһардағы 11 нүктеде жасалуда. Ақпан айынан бастап қазірге дейін қала бойынша 16 085 азамат індетке қарсы вакцинаның 1 компонентін қабылдаса, 2 компонентті 6 134 азамат ектіріп үлгерген.
Сонымен қатар, облыс орталығында жыл басынан бері ПТР тест тапсырған азаматтардың саны 34 147 адамды құрап отыр.