ТҮРКІСТАН: 744 нысанның санитариялық талапқа сәйкестігі тексеріледі

0
543

Түркістан облысына қарасты 2 394 нысан.


ТҮРКІСТАН: 744 нысанның санитариялық талапқа сәйкестігі тексеріледі

Түркістан облысында 744 нысанның санитариялық талаптарға сәйкестігі тексеріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімдері» базасында, яғни rchl.govtec.kz сайтында қадағалауға жататын 2 409 нысан бар. Соның ішінде Түркістан облысына қарасты 2 394 нысан, қалған 15 нысан басқа облыстың қадағалауында. 2 394 нысанның жалпы тексеруге жататын нысандар саны – 744 құрайды.


Бұл туралы облыстық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен өткен жиында Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Мұхит Бейсенбай мәлімдеді. Бөлім басшысы баяндамасында алдағы жоспар және аумақтық басқармалар тарапынан жол берілген кемшіліктерді атап өтті.


Өз кезегінде Департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы жіберілген кемшіліктердің нақты себептеріне жіті назар аударып, жауаптылардың уәждерін жеке-жеке тыңдап, түйіткілді мәселелерді шешужолдарын қарастырды. Сондай-ақ, жоспарланған нысандарға бақылау жасау, сол нысандарға қатысты мемлекеттік тапсырысты қайта түзу бойынша басқарма басшыларына тапсырмалар берді.


Жиын барысында департамент басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға бармауға, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді орындауға, сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарына жол бермеуге, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта көркем мінез-құлықты сақтауға шақырды.