Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда.
Түркістан өңіріндегі 8 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл Түркістан өңіріндегі 8 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде, Кентау қалалық орталық ауруханасы, Келес аудандық «Абай» ауруханасы, Бәйдібек ауданындағы «Боралдай» БМСКО нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Кентау қалалық орталық ауруханасының жөндеу жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қалған 2 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сайрам аудандық орталық ауруханасы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, республикалық бюджетке ұсынылды. «Облыстық балалар ауруханасы», «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасы, «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы, Созақ аудандық орталық ауруханасының, жалпы 4 жобаның ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Бұл жобалар 2025 жылға өтпелі.
Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының жалпы 77% аяқталды. Бұл жұмыстарға 300 адам тартылған. Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, жобаның есептері қайта жасалып, дайын ғимаратты сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.