ТҮРКІСТАН: 950 мың адамға вакцина егіледі

0
2 328

Вакцинаның тасымалдануы негізгі 4 кезеңнен тұрады.


ТҮРКІСТАН: 950 мың адамға вакцина егіледі

Түркістан облысына 180 мың доза "Спутник V” вакцинасы жеткізіледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысына бірінші кезекте COVID-19 инфекциясына қарсы «Спутник-V» вакцинасының 1300 дозасы жеткізілетін болады. Вакцинаның сапасын қамтамасыз ету үшін арнайы мұздатқыш камералар қажет. 600 литрлік екі мұздатқыш камералары бар. Бұдан бөлек, ақпан айында көлемі 140 л болатын 20 мұздатқыш пен көлемі 600 л болатын тағы екі мұздатқыштар жеткізіледі. Түркістан облысында аталмыш камералардың жетіспеушілігі байқалмайды. Бұл туралы облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мәлімдеді.

«Жалпы 950 мың адамға вакцина егілетін болады. Ең бірінші болып инфекциялық ауруханада жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне. Мұнан соң жедел жәрдем, емханада қызмет ететін мамандарға. Түркістан облысына ақпан айының соңына дейін тағы 180 мың вакцина дозасы жеткізілмек»,- дейді Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.

Айта кетейік, вакцинаның тасымалдануы негізгі 4 кезеңнен тұрады. Ең алдымен, өндірушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына жеткізіледі. Одан кейін бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының дәріхана қоймаларына әкелінеді. Үшінші кезеңде өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары бұл вакциналарды қалалар мен аудандардағы медициналық ұйымдарға тасымалдайды. Төртінші кезеңде вакцина сол медициналық ұйымдарда сапалы күйде сақталуы керек.

Өңірде жыл басынан бері COVID-19 инфекциясының 361-жағдай анықталған, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 17,8 құрайды. Оның ішінде симптомдармен-62 жағдай, симптомдарсыз-299 жағдай тіркелген.