Облыс бойынша 903 мектеп, 387 мектепке дейінгі мекемелер, 128 қосымша білім беру орындары қатысқан.
Түркістан облысында «Абайлаңыз, балалар!» атты шараның бірінші кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оқушылардың жол-көлік апатынан жарақаттануының алдын алу мақсатында, жолдар мен көшелерде қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды үйрету, тұрғылықты мекен-жайымен, мектепке бару аралығында тәртіппен жүруге балалар мен жасөспірімдерді бейімдеу үшін жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалаларда «Абайлаңыз, балалар!» атты республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Акцияның басты мақсаты – көлік жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тағуы және автокөлік салонында балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстап тұратын құрылғының болуы, балалар мен ересектердің көлік қозғалысына баса назар аударуын қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта, облыстың барлық мектеп оқушыларына жол жүру ережелерінің маңыздылығы мен апаттылықтың алдын алу бойынша кең көлемде сабақтар өткізіліп, түрлі бағдарламалық брошюралар тартылды. Іс-шараны насихаттау бойынша 142 дана плакаттар, панно, бильбордтар ілінді.
Республикалық «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының 1-кезеңінде біршама жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша 903 мектеп, 387 мектепке дейінгі мекемелер, 128 қосымша білім беру орындарында оқушылардың жол жүрісі қағидаларын зерделеу мәселелері бойынша сабақтар өткізілді. 300-ге тарта білім беру мекемелерінде «Балалар жолда» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Профилактикалық сабақтар, жол жүрісі қауіпсіздігі тақырыбында дәрістер, әңгімелесулер, түрлі конкурстар өткізілді. Облыс аумағында «Сіздің жолаушыңыз – бала!», «Қымбатты жүргізуші жолдас!» атты үгіт-насихат акциялары өткізіліп, көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
21-31 тамыз аралығында мектеп жанындағы 656 жаяу жүргіншілер өткелдері мен 1807 шақырымдық көшелер мен жолдар тексеруден өтті. БАҚ-мен 20-ға жуық сөз сөйлеулер ұйымдастырылып, 30 мақала жарық көрді. Түркістан облысындағы барлық мектептер тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша актілер түзіліп, жергілікті атқарушы органдарымен білім беру басқармасы мен бөлімдеріне 512 жол бақылау ұйғарымдары берілді. Сондай-ақ мектеп жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау және жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын азайту және болдырмау мақсатында, жыл басынан бері 736 пм құрайтын «Дабылды жолақтар» сызылған. Тамыз айында қосымша 31 п.м сызылды. Облыстық Білім басқармасынан автобустары бар жалпы білім беретін мекемелердің тізімі алынып, осындай 542 автобустар мен шағын автобустары тексерілді. Барлық жүргізушілерге балаларды тасымалдау кезінде жол ережесі талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде сұхбаттар жүргізілді.