ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмысы таныстырылды

0
724

I, II - топтағы 510 мүгедектігі бар адам қызмет алуда.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмысы таныстырылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін облыстық орталықта болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін облыстық орталықта болды. Мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы қызмет алушылардың жағдайын білді.


Педиатр, терапевт, невропатолог-ортопед дәрігерлері мен мейірбикелері жұмыс істейтін мекемеде жалпы 60-тан астам мүгедектігі бар балаға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, тәрбиешілер, деффектологтар, логопед мұғалімдері, психолог мамандары мен әдіскерлерден әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрлерін алуға мүмкіндік бар.


Облыс әкімінің орынбасары «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесіне де арнайы барып жұмыс барысымен танысты. Орталық 1976 салынған. Қазіргі таңда 18 жастан асқан шизофрения, ақыл-есі кемістігі, эпилепсиямен, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулары мен I, II - топтағы 510 мүгедектігі бар адам қызмет алуда.


Қызмет алушыларға қолданыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылуда. Атап айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік - мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызметтерін көрсетуге жағдайлар қарастырылған.