ТҮРКІСТАН: Алғаш рет бас миының қан тамырларына стенд қою отасы жасалды

0
773

Бұл - инсульт қаупі бар науқастарға арналған өмірлік маңызы жоғары ота.


ТҮРКІСТАН: Алғаш рет бас миының қан тамырларына стенд қою отасы жасалды

Түркістанда алғаш рет бас миының қан тамырларына стенд қою оталары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-диагностикалық орталығында «Ангиограф» құрылғысымен алғаш рет бас миының қан тамырларына стенд қою оталары өтті.


Инсульт қаупі бар науқастарға арналған өмірлік маңызы жоғары бұл емдік ота түрі Түркістан облысында бірінші рет жасалды.


Инсульт немесе ишемиялық цереброваскулярлық ауру – орталық жүйке жүйесіне апаратын тамырлардың аурулары немесе тамырдан тыс қан кетулер нәтижесінде дамитын окклюзиялардан туындаған неврологиялық симптомдардың дамуы. Клиника-диагностикалық орталығының басшысы Мехмет Зия Генчердің айтуынша, ерте диагностика мен емдеуді қолға алу арқылы инсульт және инсультпен ауыратын адамдарда мүгедектік қаупін азайтуға болады.


Сондай-ақ, ол клиникамыздың Түркістан халқына көрсеткен қызметінің арқасында инсультпен күресуге қауһарлы адам санының артатынын айтты. Демек, өңірімізде инсультке байланысты мүгедектік жағдайлары да айтарлықтай төмендейді.