ТҮРКІСТАН: Арыста ардагерлерге құрмет көрсетілді

0
636

Әкім арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті.


ТҮРКІСТАН: Арыста ардагерлерге құрмет көрсетілді

Арыс қаласының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев, қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев және сала басшылары өңір ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Қала басшысы алдымен Ардагерлер көшесінде тұратын Қасымбек Кенжебековтің отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті.


Шаһар басшысы майдангерлердің сұрапыл соғыстағы көрсеткен ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді. Ал соғыс ардагері майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.


Бұдан кейін Гүлжан Мамытқызы Қожатоғай ауылдық округі, Шөгірлі елді мекенінде тұратын соғыс ардагері Абылай Нарбаевқа да облыс әкімінің құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде майдангер бүгінгі ұрпақ тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны қастерлеу керектігін айтты.


Бүгінгі таңда соғыстың от-жалынынан өткен майдангерлер қатары сиреп қалды. Қазір Арыс қаласында 2 Ұлы Отан соғысының қатысушысы тұрады. Екі ардагерге Жеңіс күніне орай 1 миллион теңгеден берілді. Сонымен қатар қала әкімдігі мен қалалық мәслихат атынан тұрмыстық техникалар сыйға тарту етілді.


Айта кетейік, майданға Арыс қаласынан 10503 азамат аттанып, олардың 5314-і елге аман-есен оралды. Ал 2983 жауынгер мерт болып, 2206 сарбаз хабар-ошарсыз кеткендер санатына қосылған.