Отын-суы мен үй шаруашылық жұмыстарына жәрдем берді.
Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл Арыс қаласына жылдағыдан үш есе көп қар түсті. Осы ретте арыстық оқушылар қамкөңіл қариялар мен жарымжан жандарға көмек қолын созып, батасын алып жүр. Атап айтқанда, №11 Б.Момышұлы мектебінің оқушылары Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқан Токмұрзаев Асанбек ардагердің ауласын қардан тазартуға көмектесті.
Толассыз жауған қалың қарды тазалап, көмектескен оқушыларға алғысын білдірген қария жастардың ісіне дән риза екендігін жеткізді. Жасөспірімдердің осындай қайырлы істің басында жүріп, үлкенге қуаныш сыйлағанына разы болған көпшілік те батасын беріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін де қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері ауылдық округтердегі көмекке мұқтаж қарттардың ауласын тазалауға қол ұшын созған болатын. Мектеп оқушыларынан бастап жасы ересек азаматтарға дейінгі еріктілер ауылдардағы ардагерлерге, зейнет жасындағы және жалғызбасты қарттар мен аналардың ауласын қардан тазалап, отын-суы мен үй шаруашылық жұмыстарына жәрдем берді.
Еріктілердің көмегі әрқашан қарт азаматтардың көңіл-күйін көтереді, келер күніне деген сенімділігін оятады, тіпті рухани күш береді. Сол сияқты үлкен кісілерге көмек көрсету жастардың мейірімділігін күшейтуге ықпал ететіні сөзсіз.