Үзік фракциялар жеңіске жетті.
Түркістанда "Ата Заңым – айбыным!" пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласындағы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Ата Заңым - айбыным!» атты облыстық дебаттық турнир өтті.
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ лигасы "Адвокат пен Прокурор" фракциясы бойынша Мұстафаева Ақдидар мен Есжан Әсемай, орыс лигасы бойынша "Риторика" фракциясы Қалижан Феруза мен Бектұрсын Нурила және ағылшын лигасынан Мырзакент мектеп-гимназиясының "Super Star" фракциясы Болыс Амина мен Искендир Асылзат пікірсайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, қазақ лигасы бойынша "Адвокат пен Прокурор" фракциясы турнирдегі ең жоғары спикерлік ұпай жинап, "Ең үздік спикерлер" номинациясымен, орыс лигасы бойынша "Риторика" фракциясы және ағылшын лигасынан "Super Star" фракциясы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында «Балалар жылы» аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп, дарынды балалардың бағы ашылуда.