ТҮРКІСТАН: Ауруханада 50 күн жатқан баланың жүрегіне күрделі ота жасалды

0
252

Жүрегінде ахауы бар науқас баланы дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл түрде емдеу жұмыстарын жүргізген.


ТҮРКІСТАН: Ауруханада 50 күн жатқан баланың жүрегіне күрделі ота жасалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам аудандық ауруханасынан санавиация желісі бойынша ауыр халде 11 жастағы ұл бала жеткізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам аудандық ауруханасынан санавиация желісі бойынша ауыр халде 11 жастағы ұл бала жеткізілген. Анасының айтуынша, бала тумасынан жүрек ахауына шалдыққан.


Қабылдау кезінде баланың жүрек ырғағының баяулап, тыныс алуының бұзылуына байланысты жағдайының өте ауыр екені байқалды. Бала жүрек жетіспеушілігі, өкпе қысымының жоғары симптомдарымен келіп түсті, жүрек соғу жиілігі минутына 90-ға жетті. Жүрегінде ахауы бар науқас баланы дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл түрде емдеу жұмыстарын жүргізген.


Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, шұғыл түрде бас дәрігердің орынбасары Алмат Байсалов, кардиохирургтар, кардиолог, кардиореаниматолог мамандардың қатысуымен консилиум өткізілді. Науқас баланың жағдайын тұрақтандыру үшін дәрігерлер жансақтау бөлімінде бақылап, қажетті емдеу шараларын жүргізген. Жағдайы тұрақтанған пациентттің жүрегіне дәрігерлер ашық ота жасап, қарынша аралық тесік (ДМЖП) жабылды. Күрделі операция кезінде хирургтар жасанды қан айналым аппаратын қолдана отырып, науқас балалның жүрегін уақытша тоқтатып қойған. Төрт сағатқа жуық созылған операция сәтті өтті дейді дәрігерлер.


Жалпы бала стационарда 50 күн болды. Соның ішінде жансақтау бөлімінде 30 күн болды. Нәтижесінде тұрақты күйдегі кішкентай науқас, тұрғылықты жері бойынша кардиологтың бақылауымен үйге шығарылды. Бүгінде баланың жағдайы жақсарды. Ата-анасының ақ халаттыларға алғысы шексіз.