ТҮРКІСТАН: «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы басталды

0
461

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткен.


ТҮРКІСТАН: «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы басталды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ауылдық кітапханаларға 100 кітапт сыйлау акциясын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақты кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Жастарды кітап оқуға тарта отырып, қоғамды тәрбиелейміз» дей келе «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын бастап және осы игі бастаманы қолдауға шақырған болатын.


Осы мақсатта бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова бастаған ұжым Созақ аудандық орталық кітапханасына қарасты «Ақсүмбе» ауылдық кітапханасына, оқырмандардың сұраныстарында жүрген 100 дана кітапты сыйға ұсынды.


Тағылымды шараға кітапханашылар және кітапхана оқырмандары, сонымен қатар Мақсат Жеңсұлы, Орынбасар Хасенұлы, Әмір Дүйсебекұлы, Бекен Ниязбеков қаламгерлер сөз сөйлеп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.