ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы саласында 487 млрд теңгенің өнімі өндірілді

0
138

Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады деп межеленіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы саласында 487 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері 487 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында әрбір сала бойынша индикаторлар бекітіліп, жоспарлар жасалған. Бұл жоспардың орындалуы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауына алынған. Оның ішінде ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылып отыр. Себебі ол – облыс экономикасының негізгі драйвері.


Жүйелі жұмыстар нәтижесінде жыл басынан 487,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 100,1%-ды құрады. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады деп межеленіп отыр. Өндірілген өнім көлемі бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында 2025-2027 жылдары 67 инвестициялық жоба іске асырылып (270,1 млрд.тг),2 488 жұмыс орны ашылады деп көзделген. Биыл 1 700 жұмыс орнымен 34 жобаны іске асыру жоспарланса, жыл басынан 22 жобаіске қосылып, 935 жұмыс орны құрылды.


2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқабы өткен жылдан 34 мың гектарға ұлғайып, 907 мың гектарға (2024 ж. – 872,5 мың га) егілді. Астықты ору науқаны маусым айынан басталып, бүгінгі күнге 100 пайыз орылды. Бүгінгі күнге 9 мың тонна мақсары, 791 мың тонна көкөніс, 1,1 млн. тонна бақша, 234 мың тонна картоп өнімдері жиналды.


Биыл 5,2 млн тонна малазықтық дақылдарын жинау жоспарланса, қазір 4,5 млн тонна азық дайындалды (86%). Жалпы облыста жиын-терім жұмыстары жоспарға сайжүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға басымдық беріліп жатыр.

Бөлісу