ТҮРКІСТАН: Ауылдасынан доңғалақ ұрлаған жігіт сотталып кете жаздады

0
1 439

Сот барысында сотталушы тағылған айыпты толық мойындаған.


ТҮРКІСТАН: Ауылдасынан доңғалақ ұрлаған жігіт сотталып кете жаздады

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Мал қорадан доңғалақ ұрлаған жігіт сотталып кете жаздады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылының тұрғыны ауылдасының ауласына ұрлыққа түскен. Жәбірленуші С.Е.ге тиесілі мал қорадан трактор тіркемесінің доңғалағын ұрлап кеткен. Сотталушы А.И.ұрлықты осы жылдың 1-ші қазаны күні күндізгі сағат 10.00 шамасында жасаған. Қолы суық жігітке қатысты ҚР ҚК нің 187 бабының 1-ші бөлігімен айып тағылған.

Сот барысында сотталушы тағылған айыпты толық мойындаған. Ауылдасынан кешірім сұрап, бітімгерлікке келгенін мәлімдеген.

" Түркістан облысы, Бәйдібек аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен айыпталушы И.А.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісін қарады. Сотта тараптар медиациялық тәртіппен келісімге келген. Нәтижесінде тараптардың арасында түзілген медиациялық келісім бекітіліп, іс тоқтатылды,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.