Шатқалдың жасыл желекке айналуына негіз қаланды.
Шаян елді мекеніндегі шатқалда ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Шаян елді мекеніндегі шатқалда ағаш отырғызу акциясы өтті. Игілікті шараға аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов арнайы қатысып, қатысушыларды табиғатты аялауға шақырды. Акция аясында 1100 көшет отырғызылып, шатқалдың жасыл желекке айналуына негіз қаланды. Жалпы, осы күні аудан аумағында 8 мың түп ағаш отырғызылды.
Аталған экологиялық бастама табиғатты қорғау, көгалдандыру және қоршаған ортаға жанашырлық таныту мақсатында ұйымдастырылды.
«Бүгінгі игі іс – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан қамқорлықтың көрінісі. Ағаш отырғызу – тек табиғатты көгалдандыру ғана емес, бұл – өмірге, жас ұрпаққа, болашаққа жасаған үлкен сый. Алғыс айту күні аясында мұндай шараның өтуі тіпті маңызды. Өйткені біз табиғатқа қамқорлық жасап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы өз ризашылығымызды білдіреміз. Әрбір отырғызылған көшет – бейбітшіліктің, бірліктің, тұрақтылықтың символы» деген ауданы шараның маңыздылығына тоқталды.
Алғыс айту күні – елдегі түрлі этностардың бір-біріне деген құрметі мен достығын білдіретін ерекше мереке. Бұл күні халық тек бір-біріне ғана емес, туған жерімізге, табиғатқа деген алғысын білдіреді. Осыған орай ұйымдастырылған тал егу шарасы еліміздің көркеюіне қосылған үлкен үлес болмақ.