Пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.
ERNUR.KZ. Ол біреуді тәрбиеші қызметіне орналастырғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп жазады sputniknews.kz.
Кентау қаласындағы "Қобыланды" бөбекжай-балабақшасының" меңгерушісі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қобыланды бөбекжай балабақшасының" меңгерушісіне қатысты пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады. Ол біреуді тәрбиеші қызметіне орналастырғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген ресми хабарламада.
Видеода меңгерушінің кабинетіндегі журналдардың бірінен "пара" деген жазуы бар ақшаның шыққанын көруге болады. Ресми ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.
"Кінәсі анықталған соң күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады", - дейді мамандар.