ТҮРКІСТАН: Бас санитар ХҚКО қызметінің жұмысына өзгеріс енгізді

0
1 019

Жаңа кесте орнатылды.


ТҮРКІСТАН: Бас санитар ХҚКО қызметінің жұмысына өзгеріс енгізді

«Туркістан облысында қатаң карантиндк шектеу шараларын ұзарту туралы» Түркістан облысыныц Бас мемлекеттік санитариялык дәрігерінің 17.07.2020ж. №28 каулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылданды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялык дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы Түркістан облысының аумағында COVID-19 – коронавирустык инфекцияның таралуына жол бермеу максатында қабылданған қаулыға өзгеріс енгізу туралы қаулы шығарды.

Нақтырақ айтсақ, аталған өзгеріске сәйкес, «ХҚКО қызметі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жумыс кестесін орнатумен ұйымдастырылсын, демалыс және мереке кундері тыйым салынсын» - деп тапсырылған. Аталған қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. Қаулы 2020 жылдың 10 тамызынан бастап күшіне енді.