ТҮРКІСТАН: Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

0
834

Басқарма басшысы тұрғындардың мәселелері бойынша тиiстi дәрігерлерге орындау үшін тапсырмалар берді.


ТҮРКІСТАН: Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Бүгін Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов Түркістан облысының тұрғындарын кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында тұрғындардың мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Азаматтар жұмыс, қызының денсаулығы бойынша, баласының, анасының емі бойынша мәселелерді қозғады.
Тұрғындардың мәселелеріне мұқият назар аударған басқарма басшысы олардың мәселелері бойынша тиiстi дәрігерлерге орындау үшін тапсырмалар берді. Сондай-ақ өтініштердің заң аясында шешілетінін атап өтті.
Қабылдауға келген азаматтар алған жауаптарына риза болып, басқарма басшысы Марат Орынбасарұлына алғыстарын білдірді.