Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысын тағайындады.
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Алексеев Игорь Александрович тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Игорь Александрович 1987 жылы 30 қыркүйекте Латвия Республикасы Тукумс қаласында туған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақтөбе қаласындағы «ЛАД» ЖШС жобалау бойынша маманы болып бастаған.
2007-2018 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы «АрхИнтерБилд» ЖШС құрастырушысы, «АқтөбеАгропромСтрой» ЖШС учаскі мастері, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы құрылыс істері және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің сарапшысы, бас сарапшысы, талдау және коммуналдық секторды дамыту басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігі құрылыс істері және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетінің коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Қостанай облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы отын-энергетикалық комплекс және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары