ТҮРКІСТАН: Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир басталды

0
258

Бокстан ұйымдастырылған турнир 1-қазанға дейін жалғасады.


ТҮРКІСТАН: Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир басталды

Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХІХ халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХІХ халықаралық турнирі басталды. Бокстан өтіп жатқан турнир 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.


Жарысқа Өзбекстан мен Қырғызстан республикасынан, Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған қалалары және Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облысы және Түркістаннан жалпы 300-ге жуық жас спортшы қатысуда. Бұл дода 15 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтайды.


Спорттық шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жиында сөз алған Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Шойбекова қатысушыларға деген жылы лебізін білдірді.


Айта кетейік, бокстан ұйымдастырылған турнир 1-қазанға дейін жалғасып, сайыс қорытындысымен жеңімпаздар анықталады.

Бөлісу