ТҮРКІСТАН: Биыл 5 жаңа мектеп қолданысқа беріледі

0
810

Өңірде 13 аралас мектеп бар, қалғаны қазақ мектептері.


ТҮРКІСТАН: Биыл 5 жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Жетісай ауданында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Ералиев ауыл округі Арай ауылындағы 300 орындық «Дәуір» мектебі, сондай-ақ Абай ауыл округі Отан ауылындағы 300 орындық №47 мектеп, Жетісай қаласындағы 1200 орындық мектеп, Жылысу ауыл округі Баққоныс ауылындағы 300 орынға арналған Жангелдин атындағы мектеп және Атамекен ауыл округіндегі 300 орынға арналған мектеп биыл толық пайдалануға беріледі.

Жалпы 2020 жылы 2400 оқушыға мектепте жаңа орын даярланады.
Мәселен, Арай ауылындағы 300 орындық «Дәуір» мектебінің құрылысы 2018 жылы басталған. Биыл қыркүйек айында толық пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда мектептің ішін жиһаз, техникамен жабдықтау жұмыстары жүруде. Бас мердігер – «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і.

Айта кетерлігі, Жетісай ауданында 44 099 мектеп оқушысы бар. Өңірде 13 аралас мектеп бар, қалғаны қазақ мектептері. Ағымдағы жылы пайдалануға берілетін 5 оқу ұяларынан бөлек, келесі жылы 200 және 300 орындық екі мектептің құрылысы аяқталады.