ТҮРКІСТАН: Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер сараланды

0
645

Елдің денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер сараланды

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер сараланып, мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі нәтижелер туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады.


Кеңейтілген Алқа отырысында Түркістан облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы қызметтерінің 2021 жылға есебі де тындалды.


Жиналыста халықтың денсаулығын нығайту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, инфекциялық аурулардың алдын алу, өлім-жітімді азайту, медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан өткізу, қызметтерге біркелкі шекті баға, штаттық құрылымды қайта қарау, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, үздік номинация иегерлері, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту, ауруларды диагностикалау мен емдеуде инновациялық технологиялар мен дербестендірілген тәсілді енгізу мәселелері қаралды.


Атап айтсақ, 2021 жылы 18 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар "Ауыл- ел бесігі" аясында жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге 11 медициналық пункттердің салыну жоспарлануда. Қалалық және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар 100% интернетке қол жетімді, цифрландырумен толық қамтамасыз етілген. Облыста "Дамумед", "Көмек" медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Жедел жәрдем паркі көліктері 96,0% жаңартылған.


2021 жылы жалпы 525 техника, оның ішінде 34 дана вакцина сақтауға тоңазытқыш, анестезиология және реанимация бөлімшелерін жарақтандыру мақсатында 392 дана және ана мен бала бөліміне 96 дана медициналық техника одан бөлек, офтолмологиялық операцияға арналған 2 дана микроскоп қондырғысы сатып алынды.


Бүгінде, Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облыста коронавирустық инфекциясы бар науқастарды (COVID-19) емдеуге жатқызу үшін 900 инфекциялық төсек-орын ұйымдастырылды. Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бірінші компонентпен 1 047 216 адам вакцина салдырды. Ал, екінші компонентпен 1 044 883 адам қабылдады. Ревакцинацияны 371 897 адам алды. «Pfizer» вакцинасын егу бойынша да жұмыс қарқынды.


Қорытындылай келе, Алқа отырысы соңында облыс әкімінің орынбасары басқарманың қызметіне оң баға беріп, медицина саласына жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Елдің денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.