ТҮРКІСТАН: Ерекше жандарға мемлекеттік қолдау тұрақты көрсетіліп жатыр

0
100

7583 азамат жеке оңалту бағдарламасымен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Ерекше жандарға мемлекеттік қолдау тұрақты көрсетіліп жатыр

Түркістанда ерекше қажеттілігі бар жандарға мемлекеттік қолдау тұрақты көрсетілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жыл басынан бері Түркістан қаласының әлеуметтік саласында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылдың алғашқы бес айында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілген.


Бүгінде шаһарда 12 031 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелсе, соның ішінде 7583 азамат жеке оңалту бағдарламасымен қамтылған. Бұл көрсеткіш – ерекше санаттағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың дәлелі.


Жыл басынан бері мүгедектігі бар азаматтар тарапынан 6325 өтініш түсіп, олардың 4033-і нақты құралдармен қамтамасыз етілген. Бұл ретте оңалтудың барлық түрлері қамтылған:

Протез-ортопедиялық құралдар – 374 адам (60,03%)

Сурдо және тифло-техникалық құралдар – 203 адам

Арнаулы жүріп-тұру құралдары – 227 адам (94,19%)

Санаторлық-курорттық емдеу – 654 адам (25,57%)

Жеке көмекші қызметі – 267 адам (100%)

Ымдау тілі маманының қызметі – 148 адам (99,33%)

Міндетті гигиеналық құралдар – 2160 адам (97,65%)


Бұл көрсеткіштер инклюзивті қоғам құру, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың Түркістан қаласында нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар қала аумағында арнайы әлеуметтік көлік қызметтері де тиімді жұмыс істеуде:

11 инватакси, оны тұрақты түрде 211 адам пайдаланады;

4 әлеуметтік такси, оны 51 азамат қолданады;

Күндізгі қатынау орталығы арқылы 50 ерекше балаға тұрақты қолдау көрсетілуде.

Бөлісу