ТҮРКІСТАН: Имамдар тұмаудың беті қайту үшін құрбандық шалды

0
845

Ет жетім-жесір, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылып келеді.


ТҮРКІСТАН: Имамдар тұмаудың беті қайту үшін құрбандық шалды

Түркістандық имамдар құрбандық шалып, дұға жасады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ muftyat.kz порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысының имамдары өңірімізде дендеп бара жатқан тұмаудың беті қайтсын деп ірі қара малды құрбандыққа шалып жатыр.

Атап айтсақ, нәзір садақасына аталған малдың еті жетім-жесір, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылып келеді.

Түркістан қаласы «Бекзат» мөлтекауданында 1 түйе, 1 ірі қара, Бірлік ауылы «Жұма» мешітінде 3 бұқа, Шорнақ ауылында 3 ірі қара және Кентау қаласында бір жылқы құрбандыққа шалынған.

Айта кетейік, малдың пұлы ортадан жиналған. Сондай-ақ, кейбір жамағат бір түлікті бүтіндей атауда. Құрбандық шалу алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Алла Тағала қабыл етсін!